Ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын «Адал Арна» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Бұған дейін Н.Назарбаев, С.Датов даңғылдары мен Тайманов, Даумов, Мәметова көшелерінің жолы фрезерленіп, асфальт төселді. Қазіргі таңда Шолохов, Құрманғалиев көшесінен С.Датов даңғылына дейінгі жолдардағы шұңқырлар бітеліп, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.