Алматы қаласында «Орал қаласының тарихы» кітабының тұсауы кесілді

Алматы қаласында «Орал қаласының тарихы» кітабының тұсауы кесілді
Алматы қаласында «Орал қаласының тарихы» кітабының тұсауы кесілді
Бүгін Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасының төрінде Орал шаһарының тамыры терең тарихынан сыр шертетін «Орал қаласының тарихы» кітабының тұсауы кесілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналып шығарылған кітаптың таныстырылымына әдебиет пен мәдениет саласының майталмандары, кітапты шығаруға атсалысқан ұжым мүшелері, Орал қаласының құрметті азаматтары қатысты. Олардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚЖМ ҰҒА академигі,ҚР ҰҒА құрметті академигі Тұяқбай Рысбеков, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, кітаптың редакция алқасының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова сынды қонақтар қатысты.
Тұсаукесер кешін филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Анесов жүргізді. Редакция алқасының төрағасы Тұяқбай Зейітұлы кітапты таныстырса, электронды-цифрлық ерекшеліктері туралы жоба жетекшісі Дәурен Ғабдуллаев баяндап берді.
Шара соңында Орал қаласының делегациясын бастап келген қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов құттықтау сөз сөйлеп, тұсаукесер кешінің өтуіне атсалысқан ҚР Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспановаға, профессор Ғарифолла Анесовке, кітапты басып шығарған «Liber» баспасының директоры Орынбек Анесовке Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің атынан алғыс хатьтабыстады. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қорына «Орал қаласының тарихы» кітабымен қоса, Ақжайық өңірі қаламгерлерінің қолтаңбасы қойылған кітаптарды сыйға тартты.