Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың қала тұрғындарымен кездесулері жалғасын табуда

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың қала тұрғындарымен кездесулері жалғасын табуда
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың қала тұрғындарымен кездесулері жалғасын табуда. Шаһар басшысы екінші кездесуін Д.Қонаев, Жаңа орда, Қадыр Мырза Әлі, Бәйтерек, Астана шағынауданының тұрғындарымен өткізді. Кездесуде тұрғындар түйткілді мәселелерді қозғады.
Аталмыш шағынаудан тұрғындарының ең жиі қозғаған өзекті мәселесі - пәтер иелерінің кооперативіне қатысты. Сол ауданның тұрғындары өздеріне қызмет көрсететін ПИК-тердің жұмыстарына көңілдері толмайтынын жеткізді.
Бұған қала әкімі Абат Абайұлы:
- Осындай проблемалар болмас үшін біз үйді басқарудың жаңа нысанын тұрғындарға мейлінше кеңінен түсіндіріп жатырмыз. Осы жылдың шілде айынан бастап барлық ПИК—тер жабылады. Олардың орнына Мен­­шік иелерінің бір­лес­тігі(МИБ) мен Жай серіктестік (ЖС) тү­­­рін­­дегі ұйым­дар құ­­ры­лып жа­тыр. Енді көппәтерлі тұр­ғын үйлерді пәтер иелері өздері бас­­қара алады. Тұрғындар ақша түсімін және олардың жұмсалуында өздері қадағалайды. Сонда сіздер айтып отырғандай проблемалық мәселелер азаяды деп сенеміз, - деп жауап берді.
Сондай-ақ кездесуде тұрғындар жол, спорт алаңдарын салу, қоғамдық көлік, аулаларды абаттандыру, жеке құрылысқа қатысты мәселелерді көтерді.Тұңғыш Президент алаңындағы рұқсат етілмеген аттракциондарды жою жайында да сұрақтар жиі жолданды.
Бұған шаһар басшысы тұрғындардың сұраныстарына орай кейбір көшелерге уақытша асфальт қалдықтарын төсейтінін, тротуар салу туралы азаматтардың ұсыныстарын да назарға алып, алдағы уақытта жүзеге асыру жолдарын қарастыратынын жеткізді. Сонымен қатар осы аудандардағы үйлердің аулаларына спорт және балалар ойын алаңдарын салу және тынымбақтың абаттандыру жоспарланғанын айтып өтті.
Шаһар басшысы әрбір шағынауданның тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелердің шешімі табуы үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын айтып, кездесу барысында түскен өтініштер бойынша құзырлы бөлім басшыларына мен мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.