Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Ақжайық» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын электрмен жабдықтау» нысанының теңгерім ұстаушысы болып табылады

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Ақжайық» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын электрмен жабдықтау» нысанының теңгерім ұстаушысы болып табылады
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Ақжайық» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын электрмен жабдықтау» нысанының теңгерім ұстаушысы болып табылады. Белгісіз тұлғалар «Ақжайық» шағын ауданында орналасқан 18 дана электр жабдықтарын бүлдіріп, ұрлағаны анықталды.
Осыған байланысты аталған бөлім тарапынан Зачаган кентіндегі полиция бөліміне белгісіз тұлғаларды іздеу және жауапкершілікке тарту және осындай жағдайлардың алдын алу үшін осы ауданды патрульдеу бойынша іс-шараларды орындау үшін қатынас жіберілді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 наурыз күні сағат түнгі 1:00-де аталған шағын аудан аумағынан «Опель» маркалы автокөлік тоқтатылған. Автокөлік салонын тексеру кезінде құрылыс заттары мен электр жабдықтары табылған. Тұрғылықты жері бойынша бұл адамдардан Қылмыстық жолмен табылған заттар да табылып, тәркіленді. Ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында осы адамдардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіледі.