12 сәуір сағат 18:00-де Орал қаласының әкімі тұрғындармен кездесу өткізеді.
Кездесуге қалалық бөлімдердің басшылары, мәслихат депутаттары, прокуратура және жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысады.
Кездесу Д.Қонаев шағынауданы, 54 мекенжайындағы № 44 мектеп-гимназия ғимаратында өтеді.
Сұрақтарыңызды 8 708 209 73 83 WhatsApp нөміріне және a.uralsk@bko.gov.kz электронды поштасына жібере аласыздар. Сондай-ақ, +7 (7112) 50 30 53 нөміріне хабарласып, сұрақтарыңызды қоя аласыздар.