Баршаға мәлім, қазіргі таңда қалада санитарлық-экологиялық екі айлық жүруде

Баршаға мәлім, қазіргі таңда қалада санитарлық-экологиялық екі айлық жүруде
Баршаға мәлім, қазіргі таңда қалада санитарлық-экологиялық екі айлық жүруде. Аталмыш айлық аясында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаладағы орталық базар аумағының санитарлық тазалық жұмыстарын тексеріп шықты.
Басты мақсат – базар аумағын санитарлық талаптарға сай таза ұстау.
Базар аумағындағы кәсіпкерлермен кездескен шаһар басшысы сауда нысандарының жағдайын тексеріп, «Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына» сәйкес нысан иелеріне тазалық мәселесіне баса назар аудару қажеттігін ескертті.
Тексеріс барысында санитарлық нормаларды бұзып, рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасаумен айналысқан сатушылар да анықталды.
Қала әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік бөлімдеріне, жергілікті полиция қызметі мен санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасына базар аумағының санитарлық тазалығына қатысты тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырды.