Көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бау-бақша серіктестіктерінің су тасқыны кезіндегі әрекеті қағидаларын түсіндіру үшін рейдтік іс-шаралар өткізді. Түсіндіру жұмыстарымен 23 бау-бақша серіктестігі қамтылып, тұрғындардың қолына 856 жадынама берілді және 383 жадынама саяжай тұрғындарының есігінің жанында қалдырылды.