Наурыз айында әскерге шақыру науқаны басталды

Наурыз айында  әскерге шақыру науқаны басталды
Наурыз айында әскерге шақыру науқаны басталды. Науқанға дайындық барысы қала әкімдігінде өткен жиында талқыланды.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов төрағалық еткен жиынға қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы Р.Дәутеміров, полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы М.Баймұқашев, кенттер мен селолық округ әкімдері қатысты.
Биыл Орал қаласы бойынша 1994-2004 жылы аралағында туған азаматтарды тіркеу жұмыстары басталды.
Жиында қала бойынша әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Мирболат Сағынғалиұлы Орал қаласы бойынша көктемгі әскерге шақыру науқанын үздіксіз орындау мақсатында басқармаға шақыру және жеткізу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, әскерге бармаған азаматтар туралы ақпараттарды дәлелді құжаттармен тіркеуді, кенттер мен селолық округтерде әскерге шақыру жұмыстарымен айналысатын жауапты маман бекітуді ұсынды. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі бөлімі мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына бірлесіп, әскерге шақыру бойынша СМС-хабарламалар тарату жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.