ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН  ТАНЫСТЫРДЫ
Орал қаласы бойынша 2022 жылы халықты жұмыспен қамту шараларына тарту үшін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 371 591 мың теңге қаражат бөлінді.
Жоспарға сәйкес 2022 жылы 3686 адамды жұмыспен қамту көзделген. Атап айтқанда: жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 45 адам, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды беруге –138 адам (оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастарға грант беру жоспары– 55 адам және осал топқа жататын санаттағы азаматтарға грант беру жоспары –83 адам) қамтылса, жастар практикасына –200, әлеуметтік жұмыс орындарына– 50, қоғамдық жұмыстарға – 227, алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша –26, тұрақты жұмыс орындарына 3000 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны» және «Қоғамдық жұмыс орындарына» қосымша қаражаттар бөлініп, жоспар саны өзгеріп, жұмыссыз азаматтар жолданатын болады.
Бүгінгі күні бағдарлама аясында 809 адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Соның ішінде 541 адам тұрақты жұмысқа,20 адам жастар практикасына, 232 адам қоғамдық жұмыстарға, 16 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесімен 2 655 адам жолықса, оның 926-ы жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алуда, ал 2 943 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр.