"БАСТАУ БИЗНЕС" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

"БАСТАУ БИЗНЕС" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ
Биыл халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары тәртібіне өзгерістер енгізіліп, бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Ұлттық жобаның қатысушыларына өтеусіз және қайтарымсыз грант негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшер белгіленді.
Осы орайда Орал қаласы бойынша 12 адамға (8 жас және 4 осал топқа жататын санаттағы азаматтар) грант беру жоспарланып отыр.
2022 жылдың 28 наурыз күні «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен (ZOOM арқылы) өткізілген онлайн конференция қорытындысында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсы болмайтыны және Ұлтық жоба мен қағидаларға өзгерістер енгізілетіндігі хабарланды.
Бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Ұлттық жобаның қатысушыларына өтеусіз және қайтарымсыз граттар беру ережесіне өзгерістер енгізілетіндіктен (үміткерлерден «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтағаны туралы сертификат талап етілмеу) алдағы уақытта өтініш қабылдау уақыты қосымша хабарланады.
Қосымша ақпаратты Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайында орналасқан Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығынан біле аласыздар.