Биыл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес «Жастар практикасының» еңбекақы мөлшері 25 АЕК-тен 30 АЕК-ке өсіп, практикадан өту мерзімі 6 айдан 12 айға ұзартылды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығынан берілетін 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа келесі санаттағы жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем) және бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үміткер бола алады:
• Жастар (29 жасқа дейін)
• аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар,
• көпбалалы отбасылар - көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар
• қандастар, қоныс аударғандар
• мүгедектігі бар адамдар
• мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар үшін.