Әз Наурыз мерекесін Меловые горки елдімекені оқушылары мен ата-аналары №18 мектеп-балабақша кешенінің жаңа ғимаратында қарсы алды.
Мерекеге қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Білім беру ұясындағы әр сыныпта таңертеңнен Наурыз мейрамына арналған тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді. Салт-дәстүр таныстырылып, балалар ұлттық ойындар ойнады. Қыз балалар бойтұмар жасау сабағына қатысты. Кабинет қыз балалардың үлгілеу, тігін машинасында жұмыс жасауға үйренуі үшін толық жабдықталған.
Шараға жиналған қонақтар, ауыл үлкендері оқушылар мен ата-анар дайындаған мерекелік думанды тамашалады. Абай ауылында «Беташар», Қадыр ауылында «Бесікке салу», Жұбан ауылында «Тұсаукесер» рәсіміне қатысты.
Мерекелік думан ұлттық ойындармен жалғасын тапты.