14 наурыз - Көрісу мейрамы. Осыған орай бүгін «Атамекен» өнер орталығында «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты мерекелік іс-шара өтті.
Еліміздің батыс өңірінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып көрісіп, «Амал» мерекесін кең көлемде атап өтеді.
Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев пен шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысып, қаламыздың ардагерлері, ақсақалдар мен қазыналы қарияларымен көрісіп, мерекемен құттықтады.
Театрландырылған концерттік бағдарламада «Көрісу» мейрамына орай көріністер қойылып, өңірге танымал әртіс-әншілер өнер көрсетті. Олар халық әндерінен шашу шашып, күй тартыспен кештің көркін ашты.