8 наурыз — әйелдер мерекесіне орай қала әкімі Абат Шыныбеков қаламыздағы бірқатар еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы құттықтады. Олардың ішінде ақын Ақұштап Бақтыгереева, еңбек ардагерлері Шалқыма Құрманалина, Роза Кужекова, Бәтима Отарова бар.