Қазіргі уақытта еріп жатқан қардың суы мен жауын-шашын мөлшерінің артуына байланысты, ағынды сулардың көлемі күрт көбейіп отыр. Осының салдарынан, Орал қаласының кәріз жүйесі толып кетіп жатыр.
Осыған орай, қаламыздың кәріз жүйесіне жүктемені төмендету мақсатында, Орал қаласында су беру уақытша тоқтатылды.
Кәріз жүйесі шамамен 3 сағатта тазартылатын болады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған ыңғайсыздақтар үшін кешірім сұрай отырып, қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.