Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков ел үшін өлшеусіз қызмет еткен, қазірде еңбектерінің зейнетін көріп жүрген бір топ ардагерлермен кездесті. Шұғылалы көктемнің алғашқы күні аға буын өкілдерімен жүздескен шаһар басшысы оларды бүгінгі мерекемен құттықтады

Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков ел үшін өлшеусіз қызмет еткен, қазірде еңбектерінің зейнетін көріп жүрген бір топ ардагерлермен кездесті. Шұғылалы көктемнің алғашқы күні аға буын өкілдерімен жүздескен шаһар басшысы оларды бүгінгі мерекемен құттықтады.
—Індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүзбе-жүз кездесе алмадық. Бүгінгі мереке күні шақыртуымды қабыл алғандарыңыз үшін рақметімді айтамын. Сіздер ортақ мекеніміз — Орал қаласын дамытуға зор үлес қостыңыздар. Қаланы одан әрі гүлдендіру жолында өздеріңіздің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Көктемнің алғашқы мерекесінде сіздермен қауышып, ой бөлісіп отырғанымызға қуаныштымыз, — деді қала әкімі.
Мұнан соң қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Исаева сөз алып, жиналғандарды «Алғыс айту» күнімен құттықтады.
Емен-жарқын кездесу барысында ардагерлер шаһар басшысына құрметі үшін ризашылықтарын білдіріп, қаланың гүлденуі мен әрі қарай дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екенін жеткізді.