Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қаладағы ғимараттардың іргелес аумақтарын қардан және мұздан тазалау бойынша тексеру жұмыстарын жалғастыруда.
Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жыл басталғалы ҚР ӘҚБК 434-2-бабында көзделген 914 бұзушылық анықталды (жалпы пайдалану орындарының ластануы). Анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Ақпан айынан бастап осындай бұзушылықтарға қатысты 27 айыппұл салынды.
Бұдан бұрын мониторингтік топпен «Мираж» автобөлшектер дүкеніне іргелес аумақты қардан тазалау жөнінде хаттама берілген болатын. Белгіленген мерзімде бұзушылық жайылмағандықтан бүгін жергілікті полиция қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған дүкенге айыппұл салды.