Қалалық Жастар мәдениет үйінде «Алғыс айту» күніне орай «Айтамын сізге мың алғыс» мерекелік іс-шара өтті

Қалалық Жастар мәдениет үйінде «Алғыс айту» күніне орай «Айтамын сізге мың алғыс» мерекелік іс-шара өтті
Қалалық Жастар мәдениет үйінде «Алғыс айту» күніне орай «Айтамын сізге мың алғыс» мерекелік іс-шара өтті.
Бұл - Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен оның қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісін арттыра түсетін айрықша мереке. Биыл бұл мейрам елімізде алтыншы рет аталып өтуде.
Мерекелік-іс шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
- Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің мән-мағынасы терең. Зор құрметтің орнығуына негіз болған бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді. Көктемнің алғашқы әрі шуақты күнімен қатар келген мерекемен құттықтай отырып, әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін, - деді қала әкімінің орынбасары.
Іс-шара қаламыздағы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
Мерекелік концерт соңында өнерпаздарға Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың атынан ықылас гүлі табысталды.