Осымен бұл Оралда ашылып отырған - жетінші комьюнити орталығы. Селолық округтегі жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында орталық ашу бұған дейін есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан бірнеше мәрте ұсыныс боп түскен. «Балалар жылы» аясында қолданысқа берілген жаңа орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Орталыққа ауылдың кез келген тұрғыны келіп, қалаған үйірмелеріне қатыса алады. Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің директоры Серік Тоқмамбетовтың айтуынша, мұнда вокал, домбыра, гитара, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, мобилография үйірмелері жұмыс жасайды. Бүгінде 50-ге тарта жас үйірмелерге жазылып үлгерген. Сондай-ақ орталық жанынан «Ақниет» әжелер клубы да құрылып, жұмыстарын бастап кеткен.