Бірер апта бұрын әлеуметтік желіде қала тұрғыны Сержан Мұқановтың мәселесі талқыға түсті. Көпбалалы жалғызбасты әкенің перзентінің ертеңі үшін алаңдап, көмек сұрайтыны жайлы БАҚ-та жарияланды.
Сержан Мұқановтың ортаншы қызы Аяулым — қол күресінен (армрестлинг) спорт шеберіне үміткер және биыл мектеп бітірген соң жоғарғы білімін спорт саласы бойынша жалғастырғысы келеді. Аяулым бапкері Мұрат Қолғанатұлымен бірге қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың арнайы қабылдауында болды.
Орал қаласы әкімдігі жас спортшыны қолдау мақсатында демеушілер арқылы қаржылай қолдау танытып, Аяулымның өз қалауындағы спорттық киімді «Алға,ҚАЗАҚСТАН» спорттық киім дүкенінен таңдап алуын қамтамасыз етті. М.Нұржанов Аяулымға алдағы додаларда бақ сынап, ел абыройын асқақтататын отаншыл жастардың қатарын толықтыратын халық мақтанышы болуына тілектес екенін жеткізді.
Ел Президенті биылғы жылды «балалар жылы» беп жариялағаны мәлім, өйткені бала біздің болашағымыз. Әр бала бақытты болуға лайықты!