ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

2022 жылдың 24 ақпан күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастырумен адам жанына әдемі әсер беретін қалалық үрмелі аспаптар оркестрінің «От джаза до эстрады» атты шығармашылық концерті өтті.

Мерекелік кеште қалалық үрмелі аспаптар оркестрі және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Айбар Хайырханов, Мұрат Амирханов, Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Дамир Сатыбаевтар өнер көрсетті және  оркестрдің орындауында отандық және шетел авторларының туындылары шырқалды.

Шара соңында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы Нұржанов құттықтау сөз сөйлеп, оркестр ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып,  қала әкімінің  атынан алғыс хат табыстады.

Үрмелі аспаптар оркестрінің концертін сағынған көрермен қауым ыстық ықыластарын қошеметтері арқылы білдіріп, гүл шоқтарын табыстап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты