Оралдық көпбалалы тоғыз анаға “Алтын” және “Күміс” алқа табысталды

Оралдық көпбалалы тоғыз анаға “Алтын” және “Күміс” алқа табысталды
Көпбалалы аналарды наградаларымен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов олардың ел демографиясын көтеруге, ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауына қосып жатқан зор үлестерін атап өтті. Сондай-ақ “Балалар жылы” аясында ел үшін қызмет ететін нағыз азаматтарды тәрбиелеуге бірге атсалысу қажеттігін баса айтты.
Жиын барысында көпбалалы аналар уақыт бөліп құттықтаған қала әкімінің орынбасарына алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Оралда өткен жылы 12 ана «Алтын» және 68 ана «Күміс алқамен» марапатталған.