Жылдан-жылға қала жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне көңіл бөлінуде. Өткен жылы қаламызда ұзындығы 24,6 шақырымға жететін 21 көшенің жолдары күрделі жөндеуден өтті. Жол салу жұмыстары Зашаған, Деркөл кенттерінде және қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілді.