Орал қаласындағы автопарктер жаңа автобустармен толығуда

Орал қаласындағы автопарктер жаңа автобустармен толығуда
2021 жылы қаладағы автобус паркі 23 пайызға жаңарған. Орал қаласындағы қоғамдық көліктер өткен жылы 64 жаңа автобуспен толығып, жолаушыларға жайлы үлкен және шағын класты көліктермен толықты. Жуырда 33, 39 бағыттағы маршруттарда 12 жаңа автобус желіге қосылады.
Сондай-ақ қалаішілік бірқатар маршруттарға тұрғындардың сұраныстарына орай оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылы қоғамдық көліктер жол ақысын төлеудің электронды жүйесіне көшті.