Орал қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған алаңдар бейнекамералармен жабдықталады
Көше-жол желісін, үй маңындағы аумақтарды сапалы санитарлық тазалау барлық коммуналдық кәсіпорындар мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің үйлесімді жұмысына байланысты.
Соңғы үш жылда қала аумағында 197 қоқыс контейнерлеріне арналған алаң мен 3 381 контейнерлер орнатылды. Сонымен қатар шаһар тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындардың қоқыс контейнерлерін мақсатты пайдалануы үшін 50 алаңның маңына 100 бейнебақылау камералары қойылған.
Биыл қала бойынша 70 жаңа қоқыс алаңдарын орнату және 60 қоқыс алаңдарын 110 бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар 1050 еуроконтейнерлер және металдан жасалған контейнерлер алынбақ.