Бүгін Батыс Қазақстан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар, Аманжан Жамалов, Снежанна Имашева және Аветик Амирханян жұмыс сапарымен келді

Бүгін Батыс Қазақстан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар, Аманжан Жамалов, Снежанна Имашева және Аветик Амирханян жұмыс сапарымен келді
Бүгін Батыс Қазақстан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар, Аманжан Жамалов, Снежанна Имашева және Аветик Амирханян жұмыс сапарымен келді.
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Мәжіліс депутаттарымен қала әкімдігінде кездесіп, жиын өткізді. Кездесу барысында қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Мәселен, шаһардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көлік инфрақұрылымын жөндеу, сумен, жылумен, электрмен жабдықтау, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін реконструкциялауға қатысты жоба-жоспарлар төңірегінде сөз қозғалды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үйлер салу, коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруге байланысты мәселелер ортаға салынды. Басқосуда қаланы дамытуға бағытталған жобаларға заң аясында өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылды