
2021 жылғы 16 ақпанда БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мәжіліс залында дөңгелек үстел өтіп, онда 2021 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, келесі жылға арналған іс-шаралар белгіленді.
Іс-шараға қатысушылар, 12 аудандық және Орал қаласы АСК төрағалары, төраға орынбасарлары комиссиялардың қызмет бағыттары бойынша жан-жақты баяндамалар жасады. Есепті жылдың басында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы мен есепті жылдың екінші жартыжылдығында өткен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы туралы сұрақтар көтерілді,.
Дөңгелек үстелде сайлау процесіне қатысушылардың барлығын кәсіптік оқытуға жүйелі көзқарас, сайлау учаскелерін аттестациялау, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігі мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ шараға қатысушылар пікір алмасып, түйткілді мәселелер мен ұсыныстарды талқылап, жаңа 2022 жылға арналған негізгі бағыттар мен іс-шараларды белгіледі.
Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы, Орал қ.