
10 –шы ақпан күні Жастар мәдениет үйіне қарасты «Деркөл» мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен әнші, композитор,Қазақ КСР-нің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Ақжайық елім» атты ән кеші өтті.
Концерттік бағдарлама Ескендір Өтегенұлына арналған поэзиямен ашылып, ары қарай композитордың әдемі әндерімен өз жалғасын тапты.
Сонымен қатар «Қазына» би үйірмесі және «Салтанат» би ансамблі тамаша билерімен шараны көркемдей түсті. Ән кеші еліміздің екінші Әнұранына айналған «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Концерттік бағдарламаны тамшалауға келген көрермендер үлкен ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Өмірін өнерге арнап, халық жүрегіне тереңінен бойлап, ұмытылмас есті әндерді дүниеге әкелген әнші-композитор - Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің әндері қазақтың мәңгі жадында.