Орал қалалық білім беру бөлімінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымы құрылды

Орал қалалық білім беру бөлімінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымы құрылды
Бүгін Орал ҚББ мәжіліс залында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымын құру туралы отырыс өтті. Отырысқа Әдістемелік кабинет меңгерушісі Индира Амертаева, БҚИТУ профессоры, облыстық қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Абдульманов және қала мектептерінен пән мұғалімдері қатысты.
Ұйымның негізгі мақсаты – жалпы адамзаттық рухани игіліктердің өз ортамызда да өpic алуына қамқорлық жасау, мемлекеттік тіліміздің кең насихатталуы, орта білім беретін және балабақшаларда негізгі пәндерді қазақ тілінде жүргізу жәйін қадағалап, ретіне қарай жәрдем керсету және басқа да тілдік орталарды пайдалана отырып, тіл мейрамдары мен лингвистикалық олимпиадалар, тақырыптық кештер мен кездесулер өткізуге ұйытқы болу.
Отырыс барысында №40 ЖОББМ мектебінің мұғалімі А.Сабыр ұйым төрағасы, Серебряков ЖОББМ мұғалімі Б.Зинешов ұйымның орынбасары, Л.Кусаинова ұйымның баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Қала мектептерінен өткір ой тастап, өзіндік ұсынысын нақты айта алатын тіл жанашырларынан құралған ұйым алдағы уақытта мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтіп, сапасын арттыру мәселелері бойынша тұжырымдар, ұсыныстар, жобалар әзірлеп, оларды іске асыруға өз үлестерін қосады деген үміттеміз.
Сондай-ақ белсенді азаматтардан бастауыш ұйымның жұмысын дамытуға байланысты ұсыныс-пікірлер қабылданатынын хабарлаймыз.
Показать перевод
 
 
 
 
 
 
 
7
 
Комментарии: 1
 
Нравится
 
 
 
Комментировать
 
 
Поделиться