Бүгін «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың қатысуымен кезекті отырыс өткізілді

Бүгін «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың қатысуымен кезекті отырыс өткізілді
Бүгін «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың қатысуымен кезекті отырыс өткізілді. Күн тәртібінде мүмкіндігі шектеулі жандардың «Бизнес Бастау» жобасы, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы (қоғамдық жұмыс) жұмысқа орналастыру және материалдық көмек алу туралы бойынша түсініктеме беру мәселелері қаралды.
Отырыста І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар А.Нықан, Ж.Төлеген және ІІІ топ мүмкіндігі шектеулі жандар С.Хамидуллин, М.Мұратжановалар өз ойларын айтып өтті.
Облыстық мәслихат депутаты Б.Қонысбаева, «АРБА» қоғамдық бірлестігі басшысы, облыстық мәслихат депутаты Г.А.Батпақұлова, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е.Қалиев, «Ел және мұғалім» газетінің редакторы Ж.Галиев қойылған сұрақтарды талқылап өз ойларымен бөлісті.
Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы– А.Қазмұханова жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыс жөнінде және қайтарымсыз грант алу жолдарын алу туралы түсіндіріп берді.
«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының әлеуметтік мәселелер бойынша консультанты Б.Миханов орталыққа әлеуметтік сұрақтар бойынша келіп түскен ұсыныстарды отырыс төрағасы қала әкімінің орынбасары МирболатНұржановқа баяндады.
Отырыс мүшелері көтерілген мәселені талқылай келе ұсынылған сұрақтар шешімдеріне оң жауаптарын беріп, тиісті ұсынымдарды қабылдайтынын жеткізді. Алдағы уақытта ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.