Бүгін қала әкімінің орынбасарлары Мирболат Нұржанов және Мирас Мүлкәй Круглоозерный кентінде болып, жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін қала әкімінің орынбасарлары Мирболат Нұржанов және Мирас Мүлкәй Круглоозерный кентінде болып, жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдауға келген азаматтар коммуналдық қызмет бағасы, әлеуметтік дүкен ашу, техникалық су құбырын тарту, медициналық қызмет алу секілді мәселелерді көтерді.
Қала әкімінің орынбасарлары өз кезегінде түйткілдер ретімен шешімін табатынын, азаматтарға заң шеңберінде көмек көрсетілетінін айтты. Тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдауға келген барлық тұрғындардың сұрақтары назарға алынатынын жеткізді.
Қабылдаудан соң, М.Нұржанов пен М.Мүлкәй өздері жетекшілік ететін салаларға қатысты әлеуметтік және өзге де нысандарды аралап, жұмыс барыстарын тексеріп, мәселелерімен танысты.
Еске сала кетейік, алдағы күндері қала әкімі мен оның орынбасарлары барлық кенттік және селолық округтерде болып, тұрғындарды қабылдайды. Қабылдау кестесі төменде жарияланды.