Қабылдауда тұрғындар өздерін мазалаған жер, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, санитарлық тазалық, №51 қоғамдық маршрутына қатысты және өзге де сауалдарын шаһар басшысына жолдады.
Қабылдау барысында қала әкімі 11 азаматтың мәселесін тыңдап, әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді. 2 азаматтың сауалына заңға сәйкес түсінік берілді.
Айта кетейік, қала әкімінің тұрғындарды қабылдау өткізу шаралары кесте бойынша жалғасатын болады. Шаһар басшысы ертең, яғни 8 ақпан күні 15.00-де Желаев селолық округінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.