Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні

2022 жылдың 3 ақпанында барлық елдер 2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.

      Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEO) бастамасымен басталды.

       Бұл күннің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.

      Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту» тақырыбында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізілді

       Аталған іс-шараға білім беру ұйымдары, 4 ауылдық округтің әкімдіктері, учаскелік және аумақтық сайлау комиссиялардың мүшелері қатысты.

        3 ақпан күні Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясында «Ашық есік күні» өтті. Жоғары аграрлық-техникалық колледж студенттерімен, қаланың жеке ұжымдарымен кездесу өтті

        Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы, комиссияның қызметі туралы, сайлаудың маңыздылығы туралы, немқұрайлы қарамауға, сайлауға қатысуға ынта мен уақыт табуға, сондай-ақ өз елінің болашағын құру жауапкершілігін сезіну керектігі, әрбір дауыстың маңыздығы туралы айтты. Жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді .

       Қаланың 51 жалпы білім беретін мектептерінде жоғары сыныптарда «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің дамуы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.