Асылхан:
– Зашаған кентінің Балауса ауданында халық саны көп, осыған сәйкес мектептегі оқушы саны да көбейді. Бұл ауданға бір сұхбатыңызда №53 мектеп салынады айтып едіңіз. Мектептің құрылысы қашан басталады? Шағынауданның көшелеріне тротуар осы жылы төселе ме? Шағынауданда жүретін жалғыз №7 бағыттағы қоғамдық көлікке халық сыймайды? Осы мәселемізді шешіп берсеңіз.
– Зашаған кентінің Балауса шағынауданында бүгінгі таңда 2000-ға жуық адам тұрады. Оның ішінде мектеп жасындағы балалар саны – 800-ге жуық. Бұл ауданда тұратын балалардың көпшілігі №20 және №30 мектептерде оқиды. Қазіргі таңда №30 мектепте орын тапшылығы анық сезіліп отыр. Осыған орай Балауса шағынауданында 900 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісті орыны анықталды. Бүгінгі таңда мектеп құрылысына бөлінген жер теліміне жеке инвесторларды тарту жұмысы жүруде. Сондай-ақ, Қошқарбаев, Қалменов, Жанқадамов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтау жоспарланып отыр.
Үшінші сұрағыңыз бойынша қазіргі таңда №7 маршрутта жалпы саны 22 автобус қызмет көрсетуде. «Ақжол авто» ЖШС тасымалдаушы кәсіпорыны маршруттарға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 2021 жылдың желтоқсан айының соңында орта класты 9 автобус сатып алынды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында отандық «Вектор Некст» маркалы орта класты 2 автобус қосымша келеді. Аталған автобустар қалалық №7 маршруты бағытына қатынайтын болады және тиісінше маршруттағы автобустардың саны артып, қозғалыс аралығы қысқаратын болады.