
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы БҚО 2 филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға Қоғамдық бірлестігінің мамандары, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бо бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы,Орал қаласы әкімі аппаратының маманы қатысты. Қабылдауда келген азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуі бойынша өз сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жауап берілді. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар өз жалғасын табатын болады.