Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қалалық Полиция басқармасына арнайы барып, құқық қорғау саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында шаһар басшысы елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаланың тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғау мақсатында полиция қызметкерлері қажетті шаралар қабылдағанын атап өтті. Оларға жағдайды тұрақтандыру, қауіпсіздікті сақтау үшін қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.
Қала әкімі аталған басқармаға және қала аумағында орналасқан Полиция бөлімдеріне жаңа теледидарлар табыс етті.