2022 жылдың 17 қаңтарында «Уральская неделя» газетінің редакциясы «Прокуратура Уральска просит суд привлечь ИП «Ирменова Ж.С.» деген тақырыппен мақала жариялады. Осыған байланысты Орал қаласы әкімі аппаратының бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметінің басшысы Е.Каримов төмендегіше мәлімдейді:
Орал қаласының прокуроры Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына апелляциялық өтініш енгізді. Прокурор өз өтінішінде Орал қаласының МАС 20.10.2021 жылғы «Ирменова Ж.С» жеке кәсіпкерлігіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік істі тоқтату туралы қаулысының күшін жоюды сұрайды. Сондай-ақ прокурор «Ирменова Ж.С» жеке кәсіпкерлігіне әкімшілік жаза қолдана отырып, ӘҚБтК-нің 339-бабы 1-бөлігінің 1-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығаруды сұрайды.
Сонымен қатар «Ирменова Ж.С» жеке кәсіпкерлігінде жер учаскесіне тиісті құқығы, яғни мемлекеттік актісі бар екенін хабарлаймыз. Ешқандай мемлекеттік орган аталған құрылыстарды бұзу туралы талап-арыз енгізген жоқ. Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ.