«Батыс су арнасы» ЖШС-да жұмысшылардың желтоқсаннан бері жалақыларын ала алмау мәселесі бар

«Батыс су арнасы» ЖШС-да жұмысшылардың желтоқсаннан бері жалақыларын ала алмау мәселесі бар
«Батыс су арнасы» ЖШС-да жұмысшылардың желтоқсаннан бері жалақыларын ала алмау мәселесі бар.
«Батыс су арнасы» ЖШС директоры Әнуар Әркеновтың мәлiмдеуінше, жұмысшыларға желтоқсан айында 76 млн теңге көлемінде берешек бар.
Кәсіпорынның қазiргi қаржылық жағдайы бiрiншi кезекте сумен жабдықтау және суды буру жөнiндегi қызметтерге бекітілген теңгерiмсiз тарифтiк сметамен байланысты. Бұдан басқа 2021 жылғы 1 тамыздан бастап уақытша өтемдік тарифтiң енгiзiлуiне байланысты «Батыс су арнасы» ЖШС қызметiнiң нәтижелерi бойынша 1.08.2021 жылдан бастап 31.12.2021 жылға дейiнгi кезеңде 323,4 млн. теңге мөлшерiнде залал шеккен. Сонымен қатар кәсіпорын директорының айтуынша, қаңтар айының басында елімізде орын алған оқиғаларға байланысты төлемдерді жүргізуге мүмкіндік болмаған.
Қазіргі таңда кешіктіріліген жалақының 37 млн.теңгесі төленген. Жалақының қалған бөлігі қаңтар айының соңына дейiн берiлетiн болады.