«Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азаматтардың нақты санын анықтау керек. Үкіметке «Атамекен» палатасымен бірге екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Үкіметке Әлеуметтік кодекстің уақытында қабылдануын қамтамасыз ету қажет», - деді Президент.
Оның айтуынша, мемлекеттің әлеуметтік саясаты осы құжаттың аясында пандемия тәуекелдері мен қордаланған проблемаларды ескере отырып бейімделуі керек.
«Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық келісімнің негізгі элементіне айналуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысында.