
Шағын және орта бизнестің барлық субъектілері жұмысы қалпына келтірілді.
Банктердің барлық филиалдары ашылды. Сауда орталықтары мен базарлар жұмысын қайта бастады. Сондай-ақ әуе және теміржол қатынастары ашылды.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, облыс көлемінде қойылған блокбекеттердің жұмысы әлі алынған жоқ.
Мұндай шешім экстремистік және террористік іс-қимылды ұйымдастырушыларды анықтау және ұстау мақсатында қабылданды.