
17-18 қыркүйек күндері Орал қаласында қала әкімдігінің қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Qaiyr Foundation қорының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «JaiyqFilmFest» халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өз жалауын көтерді.Екi күнге созылған кинофестивальге Тәжікстан,Армения,Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан,Әзірбайжан,Украина,Беларусь,Армения,Франция және елімізден жинақталған әлемнің түкпір-түкпірінен 100 жуық фильмдер қатысып,32 фильм іріктеліп кинофестивальде бақ сынасуда. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында кинофестивальдың ашылу салтанатты өтті.Атаулы шараға фестивальдың құрметті қонағы және әділқазылар алқасының төрайымы Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі М.Өтекешова сонымен қатар Қазақстан Еңбек сіңірген қайраткері,Канн сыйлығының иегері,танымал актриса С.Еслямова,Кинооператор,Деректі фильмдер режиссері,Қазақ Ұлттық Өнер университеті,«Киноөнер және телевидение»факультетінің Доценты Талғат Тайшанов,Театр және киноактрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек,Продюсер,сценарист,деректі фильмдер режиссері Айгүл Черединова, Продюсер,сценарист,клипмейкер режиссер Жеңісхан Момышев,кино және театр актрисасы Дариға Бадыкова,Әнші,актер Олжас Абай,танымал актер Рамазан Амантай кинофестивальдың қызыл кілемінен жүріп өтті.Шараға БҚО әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов «JaiyqfilmFest»кинофестивалінің Жайық жұртшылығына өте орасан зор екенін атап өтті.Шара барысында Қазақтың Қыз Жібегі атанған М.Өтекешованы биылғы мерейлі 70жасымен құттықтап алғыс хат табыс етті.Қазақстан және Жапония бірлесе түсірген ₽«Конокрады»,«Дороги времени»,«Барымташылар.Уақыт жолдарында»фильмінің тұсауы кесіліп жұртшылық назарына ұсынылды