
Орал қаласы әкімдігінде қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының, ҚР Ұлттық ұланының қызметкерлерін және еліміздің бейбіт тұрғындарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қала әкімі Абат Шыныбеков соңғы күндері болған қақтығыстар кезінде қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен отбасыларына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді.