Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқаруда

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқаруда

Орал қаласы аумағында 3 жерде блокбекет жұмыс істеп тұр. Шаһарға кіріп-шыққан автокөліктер мен адамдар жіті тексеріледі.

БҚО полиция департаменті мәліметінше, төтенше жағдай жарияланғаннан бері өңірде 714 тәртіп бұзушылық анықталған.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары блокбекеттерден күдіктілерді ұстап, қару-жарақ және өзге де заттарды тәркілеген.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында құқық қорғау органдарына көмек көрсету үшін қалада “Халық сақшысы” жасағы құрылып, көмек көрсетуде.