Қалада сауда үйлері, базарлар, дүкендер, дәріханалар штаттық режимде жұмыс жасайды

Қалада сауда үйлері, базарлар, дүкендер, дәріханалар штаттық режимде жұмыс жасайды

Бүгіннен бастап Орал қаласындағы №1 және №2 халыққа қызмет көрсету бөлімдері сағат 9:00 мен 18:00 аралығында азаматтарды қабылдайды. Мамандандырылған бөлім уақытша жұмыс істемейді.

Сондай-ақ қаладағы бірқатар екінші деңгейлі банктер жұмыс жасайды. «Қазпошта» АҚ бөлімшелері де бүгіннен бастап азаматтарды қабылдайды.

Төтенше жағдай уақытында Батыс Қазақстан облысының аумағында этил спиртін және алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар көпшілік іс-шараларды соның ішінде отбасылық, мерейтойлық және басқа да шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған.

Айта кетейік, Орал қаласында 5 қаңтардан бастап сағат 23:00 мен 7:00 аралығында коменданттық сағат енгізілді.