2021 жылдың 25 желтоқсан күні өңіріміздің бас шыршасының шамдарын жағу шарасы өтті! Жаңа жылдың символы ҚР тұңғыш Президенті алаңында орналасқан. Мерекеге ұласқан шара, ары қарай «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аяз ата мен ақшақар қатысып, түрлі ертегі кейіпкерлері тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ән мен биден шашу шашылып, түрлі қызықты ойындар ойнатылды, көрермен қауымға сыйлықтар таратылды!
Ұзындығы 22 метр болатын бас шырша ойыншықтар мен шамдармен көмкеріліп, қаламыздың сәнін ашып тұр