
Егеменді еліміздің елеулі мерекесі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздікке тағзым» атты мерекелік концерт өтті.
Концерт барысында қала әкімі А. Шыныбеков қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдары өңіріміздің дамуы мен көркеюіне үлес қосып, ерен еңбек сіңірген сала мамандары мен ардагерлерін ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен, облыстық және қалалық «Құрмет грамоталарымен» марапаттады. Сонымен қатар, мерей той аясында Орал қаласының мемлекеттік қызметшілері, кәсіпорындық және коммуналдық мекемелер арасында өткен спартакиада жарысы қорытындыланып, жүлделі орындарға ие болған топтар мараппатталды.
Мерекелік кештің көркін «Салтанат», «Назерке», «Step-up», «Шұғыла» би ансамблдері бимен әрлесе, «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі, «Жұлдыз»,«Қарақат» топтары әндерімен көркейте түсті.
Концерт соңы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері А. Хайырхановтың орындауында «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.