«Орал қаласының тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

«Орал қаласының тарихы»  кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін 28 желтоқсан күні  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қаламыздың тарихынан сыр шертетін «Орал қаласының тарихы»  атты интерактивті кітаптың тұсауы кесілді. Қалалық әкімдіктің бастамасымен ағымдағы жылдың басынан бастап ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан гуманитарлық ғылымы академиясының академигі  Тұяқбай Зейітұлы бастаған өңіріміздің бір топ тарихшылары арнайы жұмыс тобын құрып,  жыл соңында кітапты жарыққа шығарды. Кітапты шығарудағы басты мақсат:  шаһарымыздың тамыры терең тарихын зерделеп,  оқырманға жаңа деректер мен ақпараттар ұсыну. 

Кітап жаңа технологиялар қолданылған интерактивті түрде жарыққа шықты.  Бұл аталмаш форматта жасалған еліміздің Батыс өңіріндегі тұңғыш кітап. Кітаптың үш тілдегі медиамазмұнымен электронды гаджеттер арқылы танысуға болады. 

Кітаптың тұсаукесер рәсімін қала әкімі А. Шыныбеков пен ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Рысбеков өткізіп, кітаптың жарыққа шығуына үлес қосқан ғалымдар мен жұмыс тобы қала  әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Аталмыш кітап қаламыздың облыстық және қалалық кітапханаларына, музей мен қала мектептеріне таратылатын болады!