Қала әкімі Абат Шыныбеков қаланы аралап, қарды уақытылы жинау мен шығару жұмыстарын жеке бақылады. Құзырлы мекемелердің, коммуналдық қызметтердің, мердігерлік ұйымдардың басшыларымен қарды тазалау мен шығару мәселелерін талқылап, бірқатар міндеттер қойды. Сонымен қатар, электр энергиясы, сумен және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі апатты жағдайларды жоюға қатысты тапсырмалар жүктеді.