Қазіргі таңда қала бойынша 50 жаңа қоқыс алаңдары мен бейнекамералар орнату жұмыстары жүріп жатыр. Орал қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының бас маманы Мержан Шамуровтың мәліметінше, қоқыс алаңдарына камералардың орнатылуы алдымен заңсыз қоқыс тастаудың алдын алуға көп көмегін тигізбек.
–Биылғы жоспарға сәйкес, қаламыздағы көп қабатты үйлердің аумағына 50 жаңа қоқыс жәшіктеріне арналған алаң және 50 камера орнату көзделіп отыр. Пәтер тұрғындарына арналған қоқыс алаңдарына көп жағдайда үлкен жүк көліктері келіп қоқыстарын тастап, шашып кетеді. Осыдан кейін тұрғындардан көптеген наразылық туындайды. Осы мақсатта бейнекамералар орнату жұмыстары жүруде. Алдағы жылы да бұл жұмыстар жалғасын табады, – деді.