Бүгін Орал қалалық мәслихатының жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланып, «Мәслихаттар: Елмен бірге ертеңге!» атты салтанатты іс-шарасы өтті.

Бүгін Орал қалалық мәслихатының  жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланып, «Мәслихаттар: Елмен бірге ертеңге!» атты салтанатты  іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, мәслихат депутаттарына бірлескен жұмыстары үшін алғыс білдірді.
– Алдымен баршаңызды ұлық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қастерлі ұғым жоқ. Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгелермен теңесіп, даму жолында жаңа қадамдар жасадық. 30 жыл ішінде жеткен толағай табыстарымыз алдағы уақытта тек жаңа мүмкіндіктерге бастайды деген сенімдеміз. Мәслихат депутаты қашанда билік пен халықтың арасын жалғап тұратын алтын көпір іспеттес. Халық қалаулылары жергілікті мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі. Биыл қала әкімдігі мен қалалық мәслихат тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытында бірлесе жұмыс атқарып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірқатар оң шешімдер қабылдады. Пандемия жағдайына қарамастан әр салада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе білдік. Бұл тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әр тұрғынның туған жерге деген жанашырлығы мен еңбектерінің нәтижесі, – деді шаһар басшысы.
Орал қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алға қойған міндеттерді атап өтті.
Еңбекте еленіп, халық қалаулыларына айналған депутаттар қорытынды кеште Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің Алғыс хатымен Тимур Ажғалиев, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен Сергей Доля, Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасы Азима Ғұбашева, «Үздік депутат» төсбелгісі және Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен Серік Мұхамбеталиев, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымн Марат Қаженов, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен Жанна Кенжина, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хатымен Арман Бигалиев, Орал қалалық мәслихат хатшысының Алғыс хатымен Ғайсағали Сейтақ марапатталды.
Сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысы Есентай Ғиниятұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне құрметін білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.